fbpx

KZ

2021 жылғы 5 маусымда 1974 жылы туған ер адам Алтай ауданының ауданаралық ауруханасына бел омыртқасының ауыруы, екі аяғының қатты ауыруы туралы шағымдармен стационарға түсті.

Тұрмыстық жағдайда жарақат алған - үйінің төбесінен құлады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізді, қарап-тексеруден және тексеріп-зерттеуден кейін  "Омыртқаның күрделі сынуы" диагнозымен травматология бөлімшесіне  емдеуге жатқызылды.

Науқастың жалпы жай-күйі кататравма есебінен ауыр. Жедел емдеуді қажет ететін жарақаттың ауырлығын ескере отырып, пациент 2021 жылғы 23 маусымда Өскемен қаласындағы "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының" нейрохирургиялық бөлімшесіне медициналық авиация желісі бойынша тасымалданды.

Кататравма - бұл биіктіктен құлаған кезде пайда болатын жарақат түрі, жол-көлік оқиғаларынан кейін политравма құрылымында таралуы бойынша екінші орын алатынын естеріңізге сала кетейік . Кататравманың ауырлығын қалыптастыруда құлау биіктігі басты рөл атқарады. Кататравманы емдеу әдісі зақымданудың ерекшеліктерімен анықталады, көбінесе операцияны қажет етеді, содан кейін ұзақ реабилитациядан өтуді қажет етеді.

 

 

FaLang translation system by Faboba