fbpx

KZ

2021 жылғы 22 маусымда 19 сағат 43 минутта Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының "103" пультіне 45 жастағы ер адамның ес-түссіз күйде екендігі туралы қоңырау келіп түсті. 10 минуттан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырту орнында болды. Қарап-тексеру кезінде ер адамның есі болған жоқ, сыртқы ынталандыруларға реакциясы болмады, мойын мен жоғарғы иық белдеуінің терісінің көгеруі байқалды, алдын-ала диагноз қойылды: өкпе артериясының тромбоэмболиясы, белгісіз генездегі 1 дәрежелі кома. Ер адамға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді: ауа өткізгіш орнатылды, вена ішіне инъекциялау рәсімі жүргізілді және шұғыл тәртіпте өкпені жасанды желдету аппаратында пациентті профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізді, онда оны одан әрі мамандандырылған көмек көрсету үшін реанимациялық топ күтіп алды.

FaLang translation system by Faboba