fbpx

KZ

2021 жылғы 22 маусымда өңірлік медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 2003 жылы туған қызды тасымалдау үшін Қостанай – Жақсы – Қостанай бағыты бойынша ұшып шықты.

2021 жылдың 19 маусымында жамбастың және жамбас буынының, білектің, сол жақ қолы мен аяғының ауырсынуына шағымданған қыз жол - көлік оқиғасы болған жерден Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде ургенттік хирург қарап-тексеріп, шұғыл түрде "жамбас сүйектерінің көптеген жерден сынуы" диагнозымен хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Облыстық медицина мамандарымен консилиум өткізілді, нәтижесінде пациентке оперативті ем жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Шұғыл операция жүргізу қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ пациент Қостанай қаласының тұрғыны болып табылатындығын назарға ала отырып, 2021 жылғы 22 маусымда пациент балалар реаниматологінің алып жүруімен ұшақпен Қостанай облыстық балалар ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba