fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 22 маусымында 22 сағат 21 минутта Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне Үштерек ауылынан жүктіліктің 34-аптасында жүкті әйелдің қан кетуіне шағымданған шақыру келіп түсті. Шақыру Ақсу қаласының Жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді. 12 минуттан кейін дәрігерлер шақыру орнында болды. Медициналық мамандар әйелдің жай-күйін қалыпты бала жолдасының мерзімінен бұрын бөлінуіне байланысты ауыр деп бағалады. Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, инфузиялық терапия жүргізілді және шұғыл түрде Ақсу қаласының қалалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. 23 сағат 25 минутта әйел кесарь тілігі арқылы босанды, қыз бала дүниеге келді. Қазір анасы мен жаңа туған нәресте медицина мамандарының бақылауында.

FaLang translation system by Faboba