fbpx

KZ

2021 жылғы 16 маусымда 1963 жылы туған ер адамға операция жүргізу мақсатында Павлодар облысы Тереңкөл ауданының ауруханасына дәрігерлерді жеткізу үшін медициналық авиация нысанында ұшу ұйымдастырылды.

2021 жылғы 16 маусымда ер адам медициналық мекемеге іштің төменгі бөлігінінің солқылдау сипатындағы жіті ауырсыну туралы шағымдармен келіп түсті. Қабылдау бөлмесінде оны дәрігер хирург тексеріп-қарап, емдеуге жатқызды.

Пациенттің жай-күйі  іш қуысының аорта аневризмасының жарылуына байланысты өте ауыр.

Медициналық авиация желісі бойынша облыстың ургентті тамыр хирургімен шұғыл телефон консультациясы өткізілді, оның нәтижесінде пациенттің ауыр жай-күйін, бейінді білікті маманның жоқтығын ескере отырып, медициналық авиация бригадасын консультация және аудандық аурухана жағдайында пациенттің операция жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін шұғыл шақыру ұсынылды.

Сол күні құрамында 2 қан тамырлары хирургі, анестезиолог-реаниматолог және мейіргер - анестезист бар операциялық бригада Тереңкөл ауылының ауруханасына арнайы бортпен келіп, пациент үшін өмірлік маңызды операцияны уақтылы жүргізді. Жай-күйі тұрақталғанға дейін пациент аудандық ауруханада қалдырылды.

FaLang translation system by Faboba