fbpx

KZ

2021 жылғы 12 маусымда Алакөл орталық аудандық ауруханаға сол жақ аяғының сан аумағында қатты ауырсыну, сол аяғының ісінуі, мазалану мен жанына бату шағымымен үш жасар бала келіп түсті.

Тұрмыстық жағдайда жарақат алған. Қабылдау бөлімшесінде пациентті  кезекші дәрігер, хирург қарап-тексерді, зерттеп-қарап реанимациялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Баланың жай-күйі алынған жарақат салдарынан ауыр, травматикалық шок алған. Оған сан сүйегінің тайып кетуімен жабық қиғаш сынуы диагнозы қойылды.

Талдықорған қаласының Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісімен консультация жүргізілді, нәтижесінде шұғыл емдеу жүргізу үшін кішкентай пациентті облыстық медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.

2021 жылғы 15 маусымда бала жай-күйінің ауырлығын, ауылдық ауруханада балалар хирургінің жоқтығын  ескере отырып, медициналық авиацияның мобильдік бригадасы кішкентай пациентті облыстық балалар ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba