fbpx

KZ

2021 жылғы 14 маусымда  «Aeroprakt.kz» компаниясының «PILATUS» PC- 12/47 заманауи ұшағында пациенттерді Нұр-Сұлтан – Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ұйымдастырған алғашқы тасымалдау жүзеге асырылды. 

Ұшақтың бұл түрі тасымалдау кезінде пациенттерге уақтылы сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи сертификатталған борттық медициналық модульмен жарақтанған.

Медициналық авиация бортымен Шымкент қаласына ілеспе түрде, оттегіне тәуелділігіне, тұратын өңірдің қашықтығына байланысты, 2021 жылы туған сәби тасымалданды, ол Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық жағдайында шұғыл емдеудің 2 кезеңінен өтті және тұрақты ауыр жай-күйін ескере отырып, одан әрі күтім жасау үшін тұрғылықты жері бойынша стационарға ауыстырылды.

Екінші пациент – 2021 жылы туылған шала туған қыз бала. Балаға күрделі қосарлас жүрек ақауы диагнозы қойылған. Өмірлік көрсеткіштері бойынша балаға күрделілік санаты бойынша тек Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық жағдайында ғана жүргізілетін шұғыл емдеу қажет.

Осыған байланысты өкпені жасанды желдеткішіне қосылған кішкентай пациентті реаниматологтың алып жүруімен Шымкент қалалық перинаталдық орталығынан жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек көрсетілетін республикалық клиникаға тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba