fbpx

KZ

2021 жылғы 9 маусымда Сарқан орталық аудандық ауруханасында 31 апта жүктілік мерзімінде шала туған нәресте дүниеге келді. Туған кездегі нәрестенің жай-күйі терең морфо-функционалды жетілмегендікке байланысты ауыр.

Облыстық перинаталдық орталықтың балалар реанимациясы меңгерушісімен бейне консультация өткізілді, нәтижесінде кішкентай пациентті Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа ауыстыру ұсынылды.

2021 жылғы 14 маусымда құрамында неонатолог дәрігер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ұл баланы тікұшақпен облыстық медициналық мекемеге тасымалдады, онда ол одан әрі күтім жасау кезеңінен өтеді.

FaLang translation system by Faboba