fbpx

KZ

2021 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орталық аудандық ауруханасында жүктіліктің 34-апта  мерзімінде мерзімінен бұрын қыз бала дүниеге келді. Баланың туу кезіндегі жай-күйі тыныс алу жеткіліксіздігіне, шала туылуына байланысты ауыр.

Дәрігерлер кішкентай  пациентке тыныс алудың бұзылу синдромы диагнозын қойды.

Телефон арқылы облыстық неонатологпен консультация жүргізілді, медициналық авиация желісі бойынша облыстық медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.

10 маусымда нәресте неонатолог дәрігердің алып жүруімен әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Тараз қаласының Облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba