fbpx

KZ

2021 жылы 4 маусымда сол жақ жамбас аймағындағы ауырсыну, сол жақ аяқ-қолдағы қозғалыс мүмкін еместігі туралы шағымдарымен 1955 жылы туған әйел  Айыртау аудандық ауруханасына келіп түсті. Тұрмыстық жағдайда жарақат алып, үйде құлаған. Қабылдау бөлімшесінде дәрігер-хирург қарап-тексеріп, шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жалпы жай-күйі ауырсыну синдромына байланысты ауыр. Әйелге сол жақ жамбастың жарықшақтанған жабық сынуы диагнозы қойылды.

Петропавл қаласындағы Көпбейінді қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісімен телефон арқылы консультация жүргізілді, оның нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша қалалық аурухананың бейінді бөлімшесіне ауыстыру ұсынылды.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, 8 маусымда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті одан әрі жедел емдеу үшін Петропавл қаласының Көпбейінді қалалық ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba