fbpx

KZ

2021 жылғы 7 маусымда 14 сағат 18 минутта Семей қаласының 103 пультіне 25 жастағы ер адамның басын, қолын және аяғын күйік шалғаны жайлы шақыру келіп түсті. 9 минуттан кейін жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлік бригадасы шақырту орнында болды. Келген бойда автокөлікті жөндеу кезінде жеке гараждың қарау шұңқырына сөндірілмеген сіріңке тасталғаны, соның салдарынан бензин буларының жануы орын алғаны, нәтижесінде ер адам 1-2 дәрежелі ауыр күйік алғаны түсіндірілді. Күйік көлемі 60% - дан асты. ЖМЖ бригадасы дереу барлық қажетті медициналық көмек көрсетті және пациент одан әрі емделу үшін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының күйік бөлімшесіне жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba