fbpx

KZ

2021 жылғы 7 маусымда 1988 жылы туған ер адамға шұғыл операция жүргізу мақсатында Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханадан Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасына дәрігерлерді жеткізу үшін медициналық авиация нысанында ұшу ұйымдастырылды.

Ер адам 2021 жылғы 6 маусымда жол – көлік оқиғасында алған жарақатына байланысты ауыр халде медициналық мекемеге түсті, реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оған ішкі ағзалардың зақымдануымен бірнеше сынықтар, травматикалық шок диагнозы қойылды.

Консилиумның шешімімен пациенттің жағдайының ауырлығына, арнайы маманның (торакалды хирургтың) болмауына байланысты медициналық авиация желісі бойынша облыстық медицина мамандарын өзіне шұғыл шақыру туралы шешім қабылданды.

Құрамында торакалды хирург және анестезиолог - реаниматолог бар операциялық бригада арнайы бортпен келді және ер адам үшін өмірлік маңызды операцияны жүргізді.

FaLang translation system by Faboba