fbpx

KZ

Санитариялық авиация шұғыл медициналық көмек түрі болып табылады. Медициналық сүйемелдеуді қажет ететін күрделі жағдайдағ пациентті тасымалдау үшін санитарлық авиация күштерін тарту негіздерінің бірі республикалық маңызы бар медициналық ұйымдарда емдеуді одан әрі жалғастыру үшін облыстық, қалалық деңгейдегі медициналық ұйымнан, оның ішінде өңіраралық клиникалардан тасымалдау болып табылады. Авиа тасымалдаудың бұл түрі жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету мүмкін болмаған, сондай-ақ диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін талап ететін, пациенттің орналасқан жері бойынша бірегей медициналық технологияларды пайдалану жағдайларында қолданылады.

Осылайша, 2020 жылдың 14 қаңтарында Атырау облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан бір жастағы баласы бар ана, сондай-ақ Атырау облыстық перинаталдық орталығынан акушерлік анамнезі ауырлаған жүкті пациент санавиацияның бірыңғай рейсімен тиісінше Ұлттық ғылыми кардиология орталығына және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдаған. Пациенттердің жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, санавиация желісі бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын шұғыл тарту туралы шешім қабылданды.

Тасымалдау тәжірибелі медициналық мамандардың үздіксіз бақылауымен сәтті өтті. Қазіргі уақытта екі пациентте Нұр-Сұлтан қаласының қалалық медициналық мекемелерінде ем алуда.

2019 жылдың ішінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары 3104 пациентке көмек көрсетті.

FaLang translation system by Faboba