fbpx

KZ

2021 жылғы 29 мамырда кеудесінде қызған ауырсыну, сол жақ қолына иррадация, суық тер, ентігу, бас ауруы, айқын әлсіздік шағымдарымен 1963 жылы туған ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына келіп түсті. Жай-күйінің ауырлығына байланысты шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жай-күйі ауыр. Екі рет жіті миокард инфарктісі басынан өткен. Кардиологтің, эндокринологтің «Д»  есебінде тұрады. Қант диабетімен ауырады.

Жіті коронарлық синдроммен шартталған пациент жай-күйінің ауырлығын назарға ала отырып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 2021 жылғы 7 маусымда ер адамды одан әрі мамандандырылған кардиохирургиялық емдеу үшін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba