fbpx

KZ

2021 жылдың 1 маусымда  Сарысу аудандық орталық ауруханасына ЖКО орнынан ауыр халдегі 1987 жылы туған ер адам келіп  түсті. Қабылдау бөлімшесінде медициналық мамандармен қарап-тексерілді,  өмірлік көрсетілімдері бойынша шұғыл түрде  анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Алынған полижарақат салдарынан пациенттің жалпы жай-күйі ауыр. Ер адамға бірнеше жерден сынулар, травматикалық шок диагнозы қойылған.

Мидың компьютерлік томографиясын жүргізу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек алу қажеттілігіне байланысты 2021 жылғы 6 маусымда пациент медициналық авиация күшімен Тараз қаласының мемлекеттік көпбейінді ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba