fbpx

KZ

2021 жылы 31 мамырда 1972 жылы туған ер адам  жол-көлік оқиғасында алған жарақатына жедел медициналық жәрдем бригадасымен Үржар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қабылдау бөлімшесінде хирургтер зерттеп-қарап, тексерді, хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Пациентке сол жақ жамбастың тайып кетумен жарықшақтанған жабық сынуы диагнозы қойылды.

Консилиум, сондай-ақ Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісімен телефон консультациясы өткізілді, оның қорытындысы бойынша пациенттің жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, пациентті Семей қаласының ЖМЖА-ға медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау ұсынылды.

2021 жылғы 2 маусымда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті одан әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету және жедел емдеу үшін Семей қаласының клиникасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba