fbpx

KZ

2021 жылғы 31 мамырда жүктіліктің 33-ші аптасындағы 1986 жылы туған пациент аяқтарының ісінуі, бас ауруы жайлы шағымдармен жергілікті терапевтке жүгінді, онда қан қысымы мен зәрдегі ақуыздың жоғарылауы тіркелді. Дәрігер кабинетінен әйел Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілді.

Пациенттің жалпы жай-күйі ауыр, негізгі патология – артериялық гипертензия. Әйелге ауыр преэклампсия диагнозы қойылды.

Облыстық акушер-гинекологпен телефон арқылы консультация өткізілді, облыстық медициналық мекемеге тасымалдау және емдеу ұсынылды.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығын, гестация мерзімін ескере отырып, 2021 жылғы 1 маусымда медициналық авиация желісі бойынша әйел Қостанай облыстық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba