fbpx

KZ

2021 жылдың 28 мамырында «Мырзакент» аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 2019 жылы туылған бала оң иықтың, бөксенің, оң жамбастың және екі аяқтың өкше аймағының күйік шалуына, ауырсынуға шағымданған.

Жай-күйінің ауырлығына байланысты шұғыл түрде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Балаға термиялық күйік, күйік шокі диагнозы қойылған. Жараны хирургиялық өңдеу жүргізілді.

Дәрігерлердің өткізілген консилиумынан кейін әрі қарай емдеу тактикасын және пациентті бейінді бөлімшеге тасымалдау мүмкіндігін шешу мақсатында медициналық авиация желісі бойынша балалар комбустиологі мен реаниматологін шақыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

31 мамырда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Мырзакент кентіне келді. Жүргізілген қарап-тексеруден кейін кішкентай пациентті одан әрі емдеу және оңалту үшін Шымкент қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba