fbpx

KZ

2021 жылғы 27 мамырда кеуденің қысуымен қарқынды ауырсыну, ауа жетіспеушілігі және әлсіздік шағымымен 1978 жылы туған ер адам Бөкей орда ауданының аудандық ауруханасына ауыр халде түсті. Пациентке кардиологпен консультация берілді, шұғыл түрде стационарға емдеуге жатқызылды.

Қабылдау кезінде ер адамның жай-күйі коронарлық жеткіліксіздікке байланысты ауыр. Пациентке жүректің ишемиялық ауруы, ST сегментін көтерместен жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды.

Штаттан тыс кардиореаниматологпен жүргізілген консультациядан кейін Орал қаласының Облыстық кардиологиялық орталығында одан әрі толық зертеп-тексеру және емдеу ұсынылды. Пациенттің жай-күйінің ауырлығын, коронароангиография жүргізу қажеттілігін ескере отырып, 29 мамырда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті облыстық кардиологиялық орталыққа тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba