fbpx

KZ

Атырау облыстық перинаталдық орталығына ағымдағы жылдың 25 мамырында жүктіліктің 29 аптасындағы 1993 жылы туған әйел әлсіздікке, басының ауруына, нашар ұйқыға, жүрек айнуына, құсу, бүкіл денесінің ісінуінің ұлғаюына шағымданған.

Пациентке созылмалы артериялық гипертензия, бала жолдасының бұзылулары аясында ауыр преэклампсия диагнозы қойылған.

Пациенттің ауыр жай-күйін, гестация мерзімін ескере отырып, 2021 жылғы 27 мамырда  жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba