fbpx

KZ

2021 жылғы 27 мамырда 17 сағат 57 минутта Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының «103» пультіне 1971 жылы туған ер адамның кеудесінде жану сипатындағы ауырсыну және жалпы әлсіздік туралы шағым келіп түсті. Шақыру ЖМЖ фельдшерлік бригадасына берілді. 8 минуттан кейін дәрігерлер пациентке жетті. Келген соң медициналық мамандар дереу алғашқы медициналық көмек: артериялық қысымды өлшеу, пульсокиметрия және т. б. көрсетуге кірісті. Электрокардиограмманың нәтижесі ST сегментінің көтерілуімен жіті коронарлық синдромның толық көрінісін көрсетті, сол жерде бірден тромболитикалық терапия жүргізілді және пациентті одан әрі емдеу үшін Атырау қаласының облыстық кардиологиялық орталығына шұғыл түрде тасымалдады. Тромболитикалық терапия ерте кезеңде жүрек бұлшықетінің зақымдану қаупін азайтуға көмектесті. Пациенттің отбасы бригада мен станция диспетчеріне командалық және кәсіби көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді.

FaLang translation system by Faboba