fbpx

KZ

2021 жылғы 25 мамырда  сағат 00:23-те Түркістан қаласының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Сall-орталығына Аққал ауылынан жүктілік 40-41 аптасындағы әйел ішінің ауыруына шағымданған  шақыру келіп түсті, Шақыру Ақсукент бөлімшесінің фельдшерлік бригадасына берілді. 28 минуттан кейін дәрігерлер тобы пациентке жетті. Медициналық мамандар пациенттің жай-күйін қанағаттанарлық деп бағалады. Босанушы әйелде ішінің жиырылу жиілеп, толғағы пайда болды, бригада үйде босанудыру қажет деген шешім қабылдады. Қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде үйде босандыру сәтті өтті, босанғаннан кейінгі кезеңде асқынулар байқалмады, анасы мен жаңа туылған нәресте өзін жақсы сезінді. Сағат 01: 37-де ана мен нәресте одан әрі бақылау үшін Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba