fbpx

KZ

2021 жылғы 15 мамырда 9 жасар қыз   бас ауруына, ес-түссіз күйге түсірген клонико - тоникалық құрысуларға шағымдарымен Балқаш қаласының орталық ауруханасына түсті.  Жай-күйінің ауырлығына байланысты қабылдау бөлімшесінен бірден анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөліміне емдеуге жатқызылды.

Анамнез тарихына сәйкес, құрысулар үш жастан бастап байқалған, 2020 жылдан бастап құрысулар жиілеген. Өткен жылы бала бірнеше рет құрысулар бойынша стационарлық емделуде болды. Қызға эпилепсия диагнозы қойылды.

Одан әрі мамандандырылған қарап-тексеру және емдеу үшін кішкентай пациент 26 мамырда Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасының неврологиялық бөлімшесіне медициналық авиация күшімен тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba