fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 25 мамырында 7 сағат 37 минутта Талдықорған қаласындағы облыстық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне жол-көлік оқиғасы жайлы, жолаушылар автобусы мен екі жеңіл көліктің соқтығысуына шақыру түсті. Шақыруға жедел түрде 5 ЖМЖ бригадасы жіберілді. 6 минуттан кейін медицина қызметкерлері оқиға орнында болды. Зардап шеккендерге триаж-іріктеу жүргізілді. Медициналық іріктеу нәтижелері бойынша ЖМЖ бригадалары оқиға орнында зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетті. Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шекті, оның ішінде: 5 бала, 3 ересек адам. 8 сағат 15 минутта әртүрлі дәрежедегі полижарақаттары бар барлық пациенттер одан әрі толық зерттеп-тексеру және емдеу үшін Талдықорған қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта, медицина мамандарының айтуынша, барлық зардап шеккендердің жай-күйі тұрақты.

FaLang translation system by Faboba