fbpx

KZ

2021 жылғы 6 мамырда Шымкент қаласының қалалық перзентханасында беттің сол жақ жартысында және жақ асты облысында тері асты ісігі бар нәресте дүниеге келді.

Медициналық авиация желісі арқылы нәрестеге балалар хирургі консультация берді және 17 мамырда одан әрі емделу үшін қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Ауыр жай-күйіне байланысты қабылдау бөлімшесінен бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді.

Сондай-ақ, оған тыныс алу жеткіліксіздігімен асқынған ауыр түрдегі туа біткен пневмония, гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозы қойылды.

Пациенттің нәрестелік жасын, ісік мөлшерін, сондай-ақ тыныс алу жеткіліксіздігінің ұлғаюымен кеңірдектің қысылуын назарға ала отырып, 2021 жылғы 24 мамырда өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан нәрестені одан әрі емдеу және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін құрамында АБҰҒО-ның неонатолог-реаниматологі, ҰШМҮО дәрігері және фельдшері бар медициналық авиация бригадасымен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba