fbpx

KZ

2021 жылғы 3 мамырда Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына демігу, кеуде қуысының ауырсынуы және жалпы әлсіздікке шағымдарымен2012 жылы туған бала келіп түсті. Анасының айтуынша, бала 7 күн бойы ауырған, денсаулығының нашарлауы суық тиюімен байланысты, температураның жоғарылауы да байқалған. Қабылдау бөлімшесінде кеуде қуысының рентгенографиясы түсірілді, содан кейін пациент реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне  емдеуге жатқызылды. Емдеу барысында консилиум өткізілді, оның нәтижесінде өмірлік көрсеткіштері бойынша операция жасалды, сондай-ақ балалар онкологі, облыстық балалар ауруханасының реаниматологы, фтизиатр дәрігерлерімен телефон арқылы консультациялар өткізілді. Қарап-тексеруден кейін пациент Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

2021 жылдың 6 мамырында пациент облыстық балалар ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Медицина мамандары медициналық көмектің қажетті көлемін көрсетті, сондай-ақ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бейінді медициналық маманымен телефон арқылы консультация өткізді. Консультация нәтижелері бойынша ісік процесінің үдеуі мен тыныс алу жеткіліксіздігінің есебінен баланың ауыр жай-күйіне байланысты медициналық авиация желісі бойынша ауыстыру ұсынылды.

20 мамырда әуе көлігімен Алматы қаласы өкілдігінің медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері мен фельдшерінің және реаниматолог дәрігерлердің зембілде алып жүруімен бала одан әрі мамандандырылған жедел емдеу үшін Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba