fbpx

KZ

2021 жылғы 18 мамырда Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы аудандық ауруханасына 2019 жылы туылған бала ес-түссіз, өздігінен тыныс алмаған жай-күйде келіп түскен. Баланы шұғыл түрде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне суға кету және суға бату, гипоксиялық гинездің құрысуы диагнозымен емдеуге жатқызылды. Жалпы жай-күйі өте ауыр, ес-түссіз, жіті  асфиксия, ми гипоксиясы белгілері бар, өз бетінше тынысы жоқ. Ата-анасының айтуынша, бала кездейсоқ жеке үйдің ауласындағы кәріз сұйықоймасына құлап кеткен.

Медициналық мамандармен қажетті медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ емдеу процесінде балалар реаниматологімен телефон арқылы консультациялар өткізілді, нәтижесінде медициналық авиация желісі бойынша облыстық медициналық мекеменің бейінді бөлімшесіне ауыстыру ұсынылды. Мұндай қажеттілік кішкентай пациенттің ауыр жай-күйінен, бейінді медициналық мамандардың жоқтығынан, сондай-ақ облыс орталығынан шалғай орындалуынан туындады.

2021 жылғы 19 мамырда өкпені жасанды желдету аппаратындағы кішкентай пациентті реаниматолог дәрігердің алып жүруімен медициналық авиация қызметі одан әрі мамандандырылған емдеу үшін Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba