fbpx

KZ

2021 жылдың 14 мамырында Қарқаралы орталық аудандық ауруханасына басының қатты ауруы, сол қол мен аяқ қозғалысының шектелуі, жалпы әлсіздік жайлы шағымдарымен 1947 жылы туған ер адам келіп түсті. Қабылдау бөлмешесінде пациентті реаниматолог қарап-тексерді, одан әрі байқау үшін диагностикалық бөлімшеге емдеуге жатқызды.

 Жүргізілген қарап-тексеру және алынған қорытындылар нәтижесінде пациентке ми қан айналымының жәтә бұзылуы, сол жақ гемипарез диагнозы қойылды. Неврологиялық белгілерге байланысты жалпы жай-күйі ауыр. Телефон арқылы Қарағанды қаласының штаттан тыс бас невропатологімен консультация жүргізілді.

 Ауылдық ауруханада бейінді медициналық маман жоқ екенін, сондай-ақ елді мекеннің алыстығына байланысты 2021 жылғы 16 мамырда одан әрі зерттеп-тексеру және мамандандырылған ем алу үшін пациент медициналық авиация күшімен Қарағанды қаласындағы Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba