fbpx

KZ

2021 жылғы 2 мамырда Зайсан аудандық ауруханасында мерзімінен бұрын ауыр жай-күйдегі нәресте дүниеге келді. Дәрігерлер: орталық жүйке жүйесінің гипоксикалық-ишемиялық зақымдануы, құрысулар диагнозын қойды.

Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ емдеу барысында облыстық аурухананың неонатологімен телефон арқылы консультация жүргізілді, нәтижесінде жаңа туған нәрестені медициналық авиация желісі бойынша облыстық медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды. Мұндай қажеттілік гипоксия мен негізгі аурудың салдарынан жаңа туған нәрестенің ауыр жай-күйіне, сондай-ақ елді мекеннің облыс орталығынан алыстығына байланысты туындады.

2021 жылғы 5 мамырда одан әрі толық тексеріп-қарау және емдеу үшін кішкентай пациентті Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалдады. Жол бойы бала мамандандырылған кувезде және неонатолог дәрігер мен мобильдік бригада фельдшерінің үздіксіз бақылауында болды.

FaLang translation system by Faboba