fbpx

KZ

2021 жылдың 30 сәуірінде сағат 9.31-де Талдықорған қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне 1988 жылы туған жүкті әйелдің іштің тартылу және жиі толғақ тәрізді ауырсынуына қатысты шағымдар келіп түсті. сағат 9.44-те жедел жәрдем бригадасы пациентке жетті. Келгеннен кейін дәрігерлер әйелдің жай-күйін қанағаттанарлық деп бағалады, бірнеше сағат бойы созылған толғақ байқалды, қарап-тексеру кезінде босанушы әйелде қарқынды босану басталды. ЖМЖ медициналық қызметкерлерінің арқасында босандырып алу сәтті өтті, дүниеге ұл бала келді. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде үйде босандыру сәтті өтті. Анасы мен нәрестені тұрақты жағдайда Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

FaLang translation system by Faboba