fbpx

KZ

2021 жылғы 6 сәуірде Зайсан аудандық орталық ауруханасына 1975 жылы туған ер адам мойындағы қатты ауырсыну, қозғалу бұзылысына және аяқ-қолдың сезімталдығының бұзылуы шағымдарымен келіп түсті.

Аттан құлаған кезде жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, оны медициналық мамандар қарап-тексеруден өткізді. Жүргізілген зерттеп-қараудан кейін "С6 - С-7 омыртқалардың жабық ілінісіп шығып сынуы,тетрапарез, жұлынның зақымдануы" диагнозымен анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Алынған жарақаттың сипатын ескере отырып, медицина мамандарының қорытындысы бойынша пациентке медициналық авиация желісі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа ауыстыру талап етілді.

8 сәуірде пациент жедел емдеу жүргізу үшін облыстық медициналық орталықтың нейрохирургия бөлімшесіне тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba