fbpx

KZ

Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері үйде босандырды. 2021 жылғы 7 сәуірде таңертең Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне 24 жастағы жүкті әйелден іштің жиі толғақ тәрізді ауырсынуына шағым келіп түсті. Шақыруға дереу ЖМЖ бригадасы жіберілді. 5 минуттан кейін дәрігерлер пациентте болды.

Осы уақыт ішінде 103 қызметінің диспетчері әйелге "қоңырауды ұстап тұру"әдісін қолдана отырып консультация берді. Келген дәрігерлер дереу барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті, ұл бала дүниеге келді, оның болжамды салмағы 2 800 грамм, бойы 49 см болды. Нәтижесінде үйде босану сәтті өтті. Анасы мен баласын тұрақты жағдайда Павлодар қаласының Облыстық перинаталдық орталығына жеткізді.

FaLang translation system by Faboba