fbpx

KZ

2021 жылғы 7 сәуірде Арқалық қаласынан Қостанай облысының медициналық мекемелеріне 2 пациент тасымалданды.

1967 жылы туған ер адам 6 сәуірде түнгі сағат бірде қатты бас ауруынан, төстің артының жанып ауруынан оянды, қан қысымын бақылау кезінде 220 /100 мм сынап бағынасына дейін көтерілу тіркелді.Таңертең фельдшерді шақыртып, медициналық көмек көрсетілді, ауырудың тоқтатылмағанын ескере отырып, пациент Арқалық аймақтық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Жүргізілген зерттеп-қараудан кейін шұғыл түрде жіті инфаркт, артериялық гипертензия диагнозымен реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Коронаграфия өткізу қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек алу үшін 7 сәуірде пациент әуе кемесімен Қостанай облыстық ауруханасына тасымалданды.

2021 жылы туылған екінші пациентте ми қан айналымының жіті бұзылуы, субарахноидальды қан кету диагнозы қойылған. Бала 22 наурыздан бастап Арқалық аймақтық ауруханасының балалар бөлімшесінде емделіп, ота жасалды. Одан әрі мамандандырылған медициналық көмек алу үшін 7 сәуірде медициналық авиацияның арнайы бортымен бала Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Медициналық авиацияның тәжірибелі мобильдік бригадасы тасымалдаудың барлық кезеңдерінде пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті. Екі пациент те тиісті медициналық мекемелерге жіберілді, онда оларға барлық қажетті жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba