fbpx

KZ

2021 жылы 5 сәуірде 1964 жылы туған ер адам таңертеңгі сағат 4-те кеуде қуысының сол жақ жартысындағы ауырсынудан, қан қысымының жоғарылауынан, бас айналудан, суық терден оянды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, пациентті Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізді. Медициналық мамандармен қарап-тексерілгеннен және зерттеп-қараудан кейін "Жүректің ишемиялық ауруы. Жіті коронарлық синдром, артериалдық гипертензия, синустық брадикардия" диагнозымен терапия бөліміне емдеуге жатқызылды.

Облыстың бас жетекшілік ететін кардиологымен телефон арқылы консультациясы өткізілді, оның нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына ауыстыру ұсынылды.

Сол күні реаниматологтың бақылауымен ер адам мамандандырылған ем алу үшін облыстық медициналық мекеменің кардиология бөліміне тікұшақпен жеткізілді.

Жүректің ишемиялық ауруы сияқты аурулар кезінде диагностика, емдеу жедел және жан-жақты жүргізілуі керек екенін есте ұстаған жөн.Жүректің ишемиялық ауруының дамуының ең тиімді алдын-алу-бұл ауруды қоздыратын факторларды азайту.

Егер сіз қарапайым: темекі шегуден бас тарту, спирттік сусындарды ішпеу, стрессті жеңу, қалыпты дене салмағын сақтау, көбірек қозғалу, артериалдық қан қысымын және қандағы холестерин деңгейін бақылау және дұрыс тамақтану ережелерді сақтасаңыз, қауіп факторларын азайтуға болады.

FaLang translation system by Faboba