fbpx

KZ

2021 жылғы 5 сәуірде 00 сағат 39 минутта Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне 101 құтқару қызметінің қызметкерлерінен Ақсу қаласының тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны, зардап шеккен 67 жастағы ер адам бар екендігі туралы қоңырау түсті. Сондай-ақ, жанып жатқан пәтерден ер адамы баспалдақ алаңына тасымалданғандығы туралы хабарланды. Шақыруға жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу жіберілді. 5 минуттан кейін ЖМЖ бригадасы шақыру орнында болды.

Дәрігерлер келгеннен кейін өртке қарсы қызмет қызметкерлері ер адам ес-түссіз жатқан тұрғын үйдің 4-қабатына ертіп жүрді. 103 бригадасының мамандары пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетті және шұғыл түрде Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді, онда оны ауыр дәрежеде улы газбен улану диагнозымен реанимация бөліміне емдеуге жатқызды.

FaLang translation system by Faboba