fbpx

KZ

Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасына 2021 жылғы 7 наурызда Достық кентіндегі ауылдық ауруханадан 1995 жылы туған ер адам келіп, аяқтарының қозғалысының күрт шектелуіне, омыртқаның мойын және бел бөліктеріндегі ауырсынуға және қозғалысының шектелуіне шағымданды. Жылқы құлаған кезде жарақат алған. Тексеруден кейін пациент шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне емдеуге жатқызылды.

Жылқыдан құлаумен байланысты жарақаттану деңгейі әрқашан жоғары, өйткені жылқы адамға қарағанда әлдеқайда күшті және жылдам жануар. Аттан, әсіресе атта шабу кезінде құлау жарақаты 5-қабаттың биіктігінен құлаумен немесе жүріп келе жатқан көліктен құлаумен тең келеді.

Пациент жұлын омыртқа ауыр жарақатын, жұлынға соққы алғанын ескере отырып, аудандық мамандар құрамында нейрохирург және реаниматолог дәрігер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен медициналық авиация бортын шақыру қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

2021 жылғы 10 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы аудандық ауруханаға келді, онда пациентті нейрохирург және реаниматолог бірлесіп зерттеп-қарады. Мамандандырылған нейрохирургиялық көмек көрсету үшін пациентті медициналық авиация күшімен Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.

Сол күні пациент тұрақты жай-күйде облыстық ауруханаға тасымалданды.

Медициналық авиация мамандарының үйлесімді жұмысының нәтижесі – ауыр халге тап болған адамның өмірі мен денсаулығын сақтау. Пациентті әуе желісі арқылы еліміздің кез келген жеріне тасымалдау мүмкіндігінің арқасында күрделі операцияны уақтылы жүргізуге, ауыр жарақаттар кезінде жедел көмек көрсетуге, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолжетімді етуге және құтқарылған адамдардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba