fbpx

KZ

Атырауда 2021 жылғы 24 қаңтарда туа біткен жүрек ақауы бар 35 апта мерзімінде шала туған екі қыз дүниеге келді.

Жүректің туа біткен ақаулары жүректе құрылымдық өзгерістердің болуымен сипатталатын аурулар тобы. Жүрек ақауларымен байланысты белгілер әртүрлі болып келеді. Бұл жағдайда нәрестелерге хирургиялық араласу қажет.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 9 наурызда Атырау облыстық ауруханасынан Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, балалар кардиохирургиялық бөлімшесіне егіздерді тасымалдау үшін медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ұшып шықты, онда оларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba