fbpx

KZ

2021 жылғы 8 наурызда жаңа туған нәрестені Бейнеу орталық аудандық ауруханасынан Ақтау қаласының облыстық перинаталдық орталығына тасымалдау жүзеге асырылды.

Нәресте 2021 жылғы 28 ақпанда құрсақішілік гипоксия және оның гестациялық кезеңі үшін салмағы аз болғандықтан ауыр жай-күйде дүниеге келді.

Нәрестенің перинаталды патологиясы бар болғандықтан және  қосымша қарап-тексеру мен емдеу қажет етілгендігіне сүйене отырып, кішкентай пациентті облыстық медициналық мекемеге ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Нәресте медициналық мамандардың алып жүруімен арнайы кувезбен жабдықталған әуе кемесімен тасымалданды. Жаңа туған нәресте тасымалдауды жақсы көтерді және жай-күйі нашарламай дәрігерлерге тапсырылды.

FaLang translation system by Faboba