fbpx

KZ

2021 жылдың 4 наурызында медициналық авиацияның мобильдік бригадасы үшемді Аягөз қаласынан Семей қаласына тасымалдады.

3 наурызда үшем қыз бала шала туылған, өкпенің жетілмегендігіне байланысты тыныс алудың ауыр бұзылуымен жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді.

Мерзімінен бұрын туылған балаларға ерекше күтім қажет. Жаңа туылған нәрестелерде иммунитет әлі қалыптаспаған, ішкі органдар жеткілікті дамымаған. Нәрестелер өздігінен тамақтана алмайды және дем ала алмайды, оларға барлық жағынан көмек қажет. Оларға күнделікті зерттеп-қарау мен процедуралар қажет. Сондықтан уақтылы және сапалы көмек көрсету өте маңызды.

Осыған байланысты екі неонатологпен бірге кішкентай пациенттерді жоғары білікті мамандары және осындай нәрестелерді күтуге арналған қажетті жабдықтары бар Семей қаласының перинаталдық орталығына жедел түрде тасымалдау ұйымдастырылды.

FaLang translation system by Faboba