fbpx

KZ

Қымбатты отандастар! Құрметті әріптестер!

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшылығы және бүкіл ұжымының атынан Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Алғыс айту күні 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды, ол 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында өз сөзінде Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Елбасы бұл күні еліміздің барлық этностарының өкілдері бір-біріне және қазақтарға Қазақстанға жер аударылған жылдардағы төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс айта алатынын атап өтті.

Алғыс айту күні – бұл қазақстандықтардың патриотизімінің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі, оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойындағы толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін арттыруға тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту болып табылады.

FaLang translation system by Faboba