fbpx

KZ

2021 жылғы 27 ақпанда медициналық авиация бортымен пневмонияның ауыр түрімен ауыратын он айлық пациентті Меркі ауданының аудандық ауруханасынан Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасына тасымалдау жүзеге асырылды. Балаға облыстық медицина мамандарының шұғыл мамандандырылған медициналық көмегі қажет болды.

Пациентті тасымалдау кезінде балалар реаниматолог дәрігер алып жүрді, өмірлік маңызды көрсеткіштерге динамикалық байқау, симптоматикалық терапия жүргізілді.

Бала ұшуды қанағаттанарлық жай-күйде көтерді, уақтылы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba