fbpx

KZ

2021 жылдың 25 ақпанында тұрмыс жағдайында екі ер адам күйік шалған. Пациенттер Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді, хирург қарап-тексеріп, хирургиялық бөлімге емдеуге жатқызылды.

Шұғыл түрде аудандық дәрігерлер облыстық мамандармен консультация ұйымдастырды, оның нәтижесінде пациенттерді медициналық авиация желісі бойынша облыстық медициналық мекемеге тасымалдау ұсынылды.

Сол күні пациенттерге құрамында реаниматолог және комбустиолог дәрігер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ұшып шықты. Жай-күйінің ауырлығына байланысты пациенттердің бірі жағдайы тұрақталғанға дейін орнында қалды, екінші пациент одан әрі емделу үшін шұғыл түрде Ақтөбе облысының «Медициналық жедел жәрдем ауруханасына» жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba