fbpx

KZ

2021 жылғы 24 ақпанда 1973 жылы туған пациентке Қызылорда - Шиелі - Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиацияның мобильдік бригадасы өңірлік ұшу орындады.

2021 жылдың 19 ақпанында Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының Шиелі ауданаралық ауруханасына «Жіті миокард инфарктісі» диагнозымен стационарлық емделуге келіп түсті.

Пациентке облыстық дәрігерлер қашықтан медициналық қызмет көрсетті, содан кейін оның жай-күйінің ауырлығына байланысты қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасына медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Тасымалдау кардиореаниматолог дәрігердің алып жүруімен штаттық режимде өтті, пациент облыстық аурухананың жоғары білікті мамандарына тұрақты жай-күйде жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba