fbpx

KZ

Екібастұзда 2021 жылғы 14 ақпанда әйел көшеде аяғы тайып, омыртқасынан ауыр жарақат алды. Травматологиялық пунктке өз бетінше жүгініп, травматолог қарап-тексерді, рентгенологиялық зерттеп-тексеру жүргізілді, одан кейін шұғыл түрде Екібастұз қалалық ауруханасына емдеуге жатқызылды.

Жай-күйінің ауырлығына байланысты пациентке Павлодар қаласының № 1 Қалалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі кеңес берді, оны медициналық авиация желісі бойынша бейінді бөлімшеге ауыстыру ұсынылды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына 23 ақпанда медициналық авиация желісі бойынша тасымалдауға өтінім келіп түсті.

Сол күні 23 ақпанда пациентке борт және құрамында реаниматолог және нейрохирург дәрігері бар медициналық мамандар жедел түрде ұшып шықты. Операция жасау үшін пациент Павлодар қаласының №1 Қалалық ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне сәтті жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba