fbpx

KZ

21 ақпанда сағат 10:10-да Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне туа біткен даму кемістігі бар баланы Екібастұз қаласының қалалық ауруханасының перзентханасынан Павлодар қаласына жедел тасымалдау талап етілген шұғыл шақыру келіп түсті. Нәрестеге облыстық аурухана жағдайында шұғыл хирургиялық емдеу қажет болды.

Сол күні сағат 14.30-да кішкентай пациент шұғыл түрде оған өмірлік маңызды операция жасалатын Павлодар облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Бала Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының неонатолог дәрігерінің алып жүруімен арнайы кувезбен жабдықталған әуе кемесімен тасымалданды. Жаңа туған нәресте тасымалдауды жақсы көтерді және жай-күйі нашарламай дәрігерлерге табысталды.

FaLang translation system by Faboba