fbpx

KZ

2021 жылғы 15 ақпанда Атырау облыстық перинаталдық орталығына 25 апта жүктілік мерзімінде әйелдің денсаулығына шағыммен емдеуге жатқызылды. Монохориалды диамниотикалық егіздерге жүкті.

Жүргізілген қарап-тексерулер мен талдаулар нәтижесінде перинаталдық орталықтың мамандары ауыр преэклампсия деп диагностика қойды және олар пациентті республикалық деңгейдегі медициналық мекемеге шұғыл тасымалдау қажеттілігін анықтады.

Көпұрықты жүктіліктің асқыну қаупін ескере отырып, әйелді ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдау мақсатында медициналық авиация желісі бойынша ҚР шұғыл медицинасының ұлттық үйлестіру орталығын шұғыл тарту туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы 18 ақпанда пациент медициналық авиацияның мобильдік бригадасының алып жүруімен одан әрі емдеу үшін Нұр - Сұлтан қаласының медициналық мекемесіне сәтті жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba