fbpx

KZ

2021 жылғы 10 ақпанда 1972 жылы туған ер адам жол көлік оқиғасы кезінде жарақат алып, ауыр халде жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді, онда оған шұғыл операция жасалды.

Пациенттің ауыр жай-күйде екенін, сондай-ақ жамбас және үлкен жіліншік сүйектерінің буынішілік ашық сынықтарын ескере отырып, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының қабырғасында пациентке жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету үшін медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау қажет болды.

2021 жылғы 17 ақпанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті тұрақты жай-күйде Шымкенттен Нұр-Сұлтанға сәтті тасымалдады. Ұшу барысында білікті мамандар пациентке ұшу барынша жайлы және қауіпсіз өтуі үшін барлық жағдай жасады.

FaLang translation system by Faboba