fbpx

KZ

 


Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация желісі бойынша арнайы рейспен 2021 жылғы 17 ақпанда Ақтаудан С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына 2016 жылы туған бала тасымалданды, оған көмейдегі ісіктерді жою бойынша өмірлік қажетті операция жүргізу қажет болды.

Тасымалдау кезінде бала мобильдік авиацияның тәжірибелі медициналық бригадасының бақылауымен тұрақты күйде болды, ұшу кезінде балаға өмірлік функциялардың үздіксіз мониторингі жүргізілді, пациент жедел емдеу жүргізу үшін клиникаға уақтылы жеткізілді.

Кішкентай пациентке операцияны әлемге әйгілі хирург - Италиядан келген профессор Роберто Пужеду жүргізді.

Бүгінгі таңда операция сәтті өтті, баланың жай-күйі орташа ауырлықта. Ол жоғары білікті медициналық мамандардың бақылауында, қолайлы динамика көрсетілуде.

FaLang translation system by Faboba