fbpx

KZ

2021 жылғы 16 ақпанда медициналық авиация желісі арқылы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан астаналық Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа бір мезгілде үш кішкентай пациентті тасымалдау жүзеге асырылды.

2020 жылы туған үш пациенттің де туа біткен жүрек патологиясы бар, жай-күйлері ауыр.

Медициналық авиацияны тарта отырып, балаларды тасымалдау Республикалық маңызы бар медициналық мекемеде жоғары технологиялық кардиохирургиялық түзетуді алудың шұғыл қажеттілігіне негізделген. Қашықтықтың ұзақтығына байланысты пациенттерді автокөлік немесе теміржол көлігі арқылы қауіпсіз жеткізу мүмкін болмады.

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасының жоғары білікті әрекеттері мен көпжылдық тәжірибесінің арқасында пациенттер медициналық мекемеге сәтті жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba