fbpx

KZ

2021 жылғы 15 ақпанда пациентті астана клиникасына тасымалдау үшін Семей қаласына медициналық авиацияның мобильдік бригадасының ұшуы орындалды.

2020 жылдың 12 қарашасында 2003 жылы туған пациентке сол жақ тобығында ісікті алып тастау операциясы жүргізілді. Биопсия жүргізілгеннен кейін қатерлі жасушалардың болуы расталды. Қыз ұзақ емделді, оның ішінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімшесінде адъювантты полихимотерапия курстарын алды.

Бүгінгі күні қашықтықтың ұзақтығын - 625 км., негізгі диагноз есебінен жай-күйінің ауырлығын, 3 химиотерапия курсынан кейінгі жай-күйді ескере отырып, дәрігерлердің өткізілген консилиумнан кейін жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін пациентті медициналық авиация желісі арқылы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімшесіне ауыстыру қажеттігі туралы шешім қабылданды. Пациентті тасымалдау жоспарлы түрде өтті. Пациент клиникаға тұрақты жай-күйде жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba